Свернуть поиск
Правая колонка
Бұл – 2013 жыл.
Антонио Бандерас Қазақстанға ұшып келіп, бір күн Kaspi Менеджер ретінде клиенттермен жұмыс істеді: депозиттер ашып, «Сіз үшін тағы не істей аламыз» деп кампанияның басты сұрағын қойды.
2026 жылы бұл роликтер қайтадан әлеуметтік желілерде тарап кетті.
Бірі мұны теледидардан көргенін еске алса, енді бірі бұл нейрожелі туындысы екеніне сенімді.
Бірақ мұның бәрі шынымен болған еді.
Кампания Украинадан бастап Оңтүстік Кореяға дейінгі 6 халықаралық жарнама фестивалінде 13 марапатқа ие болып, 3 шорт-тізімге енді. Жүлделер тізімінде: Антонио Бандерастың актерлік шеберлігі үшін Киев халықаралық жарнама фестивалінің алтыны, бейнежарнама үшін «Best of Central Asia» алтыны, PR-жоба үшін «White Square» қоласы және «AdStars» шорт-тізімдері бар.
Сонымен бірге Бандерас өзінің сапары барысында «Аяла» қорының «Тыныс ал, балақай» жобасына 38 млн теңге табыстады.
Кімнің есінде? Белгілеп кетіңіз. Сенбейтіндер – өз көзімен көрсін.

Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев